Екібастұзда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлер тегін заң көмегін көрсетеді

Екібастұзда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлер тегін заң көмегін көрсетеді
Фото: pexels.com

Заң бойынша кеңестер кезек тәртібімен өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

22 ақпанда сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін «Maxi Mall» сауда ойын –сауық орталығында жемқорлыққа қарсы еріктілер кез келген құқықтық мәселелер бойынша азаматтарға тегін заңгерлік кеңес беру бойынша акция ұйымдастырады.

Консультанттар ретінде Павлодар облысының заң консультанттары палатасының, адвокаттар алқасының, нотариустардың, сондай-ақ мемлекеттік органдарының өкілдері қатысады.