Павлодарлық оқушы мектеп асханасының жұмысын жеңілдететін бот құрастырды

Павлодарлық оқушы мектеп асханасының жұмысын жеңілдететін бот құрастырды

Бот бәрін электронды форматқа аударады, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының түлегі – 11-сынып оқушысы Жаслан Әубәкіров мектеп асханасының жұмысын жеңілдетті. Ол өздігінен мектеп үшін «Телеграмм бот» жасады.  

– Мектепте 100-ге жуық лицей оқушысы тұратын интернат бар, тамақ талондар бойынша алынады, сондай-ақ күн сайын мектепке келмеген оқушыларды белгілейді. Сынып старосталарының тамақтануға  өтінім беруі және сабаққа келмеген оқушыларды белгілеуі үшін көп уақыт кетеді,  – дейді Жаслан Әубәкіров.

Оның айтуынша, боттың көмегімен  староста сабақтан алаңдамай, бірнеше минут ішінде өтініш жолдап, жоқ баланың тізімін бере алады. Барлық ақпарат осы серверде сақталады, осылайша деректер мен ақпаратты жинап, оны нақты уақытта шығару оңайға түседі. Қағаз талондары электронды талондарға алмастырып,  әр оқушы боттың жауабы мен сервер деректері негізінде бір ай ішінде көшірме ала алады.

Сонымен қатар бот мектептегі маңызды оқиғалар туралы ескерту жүйесі ретінде қызмет етеді. Бұл ботты жасау идеясы осы жұмысқа жауапты адамдардың уақытын үнемдеу үшін өте тиімді.  Бұл идеяны іске асыру 2023 жылдың қаңтар айының соңында басталған және әлі күнге дейін жүзеге асырылып келеді.

–  Лицей басшылығы маған әзірлеуші ретінде қабілеттерімді қолдау мақсатында  ойластырылған жобаны сынақтан өткізуге мүмкіндік берді. Идеяны жүзеге асыру мақсатында  жаңа идеялар пайда болды және кейбір мәселелер шешілді, – дейді жас өрен. 

Лицей әкімшілігі Жасланның идеясын қолдап, үшінші тоқсаннан бастап оқу ісінің көптеген ұйымдастырушылық сәттерді шешкен жобасы іске қосылды.  Жобаға арналған бағдарламалау Python тілі арқылы таңдалды, онда боттың барлық ойлау тілі жазылған, мессенджермен жұмыс істеу үшін Aiogram кітапханасы пайдаланылды. Бұл жобаға Павлодар қаласындағы колледждердің бірі қызығушылық танытып, өз тәжірибесіне енгізуде.  

Айта кетерлігі, Жаслан жаңа нәрселерді үйренуден қорықпайтын жас әзірлеуші. Ол үнемі өзінің білімін жетілдіріп отырады. Қиындықтардан қорықпайды және оларды жеңуге тырысады, өз білімін іс жүзінде сәтті қолданады.