Павлодарлық жас спортшылар муай-тайдан 45 медаль алды
Астана қаласында жасөспірімдер арасында муай-тайдан қаланың ашық чемпионаты өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, жарысқа 198 спортшыдан тұратын 15 команда қатысты. Жас павлодарлықтар жақсы өнер көрсетіп, 15 алтын, 14 күміс және 16 қола жеңіп, жалпы 45 марапатқа ие болды.
Номинациялар бойынша «Жеңіске деген ерік-жігері үшін» – № 29 мектептің 8-сынып оқушысы Даниял Балтабай (жаттықтырушысы – Фархат Ахметов), «Үздік техника үшін» – Б. Момышұлы атындағы мектептің 6алты жасынан бастап спортпен айналысатын 7-сынып оқушысы Асанали Оразалин (жаттықтырушысы – халықаралық дәрежедегі спорт шебері Дамир Фатхуддинов) марапатталды.