Париж-2024: Ел қоржынына 51-ші жолдама түсті
Қазақстан құрамасы велотректен Париж Олимпиадасының 1 жолдамасына ие болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл лицензия жеке спортшының өзіне емес, Ұлттық федерацияға беріледі.
ҚР Спортты дамыту дирекциясы мәлім еткендей, Қазақстан атынан баратын спортшы кейрин және спринт дисциплинасында бақ сынай алады.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 50-ші жолдаманы көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының үздігі Эльжана Таниева Ташкентте өткен Азия чемпионатында жеңіп алған болатын.
Биылғы XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде-11 тамызы аралығында өтеді.
Оған дүниежүзінің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Спорттың 32 түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.