Павлодар ауданында көпбалалы отбасы таза ауызсумен қамтамасыз етілді
Розовка ауылында төрт асыранды бала тәрбиелеп отырған отбасы үшін ұңғыма қазылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық қоғамдық кеңесінің мәліметінше, Мороз отбасы сапалы ауызсудың жоқтығы мәселесіне тап болған. Отбасына барғаннан кейін Қоғамдық кеңес мүшесі Александр Касицин мәселені бақылауына алды.
Оның бастамасымен отбасының үйі жанынан ұңғыма қазылды. Қазір тұрғындар қажетті көлемде таза сумен қамтамасыз етілген.
– Су мәселесін шешіп бергендеріңізге рақмет. Судың сапасы өте жақсы әрі мол, – деді отағасы Вадим Мороз.
Мороз отбасы төрт асыранды баланы тәрбиелеп отыр.