Павлодар ауданында қырда тұрып қалған көліктерге көмек көрсетілуде
Заря ауылдық округінде 3 ақпан, яғни өткен тәуліктен бері қар шығарылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Руслан Нұрбековтың айтуынша, қырда қар құрсауына тап болған көліктерге көмек көрсетілуде.
– Әкімдік тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, түсіністікпен қарауды сұраймыз. Себебі, қар қалың жауып, боран соғып тұр, – дейді Руслан Нұрбеков.
Еске сала кетейік, синоптиктер облыста боран соғып, қар жауатыны туралы ескерткен болатын. Желдің екпіні секундына он бес-жиырма метрге дейін жетеді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Шідерті-Қарағанды тас жолы жабылды.