Павлодар облысына халықаралық деңгейдегі жас спортшылар ат басын тіреді

Павлодар облысына халықаралық деңгейдегі жас спортшылар ат басын тіреді
Фото: istockphoto.com/Augustas Cetkauskas

Турнир Малайсары және Күшік батырлардың құрметіне ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жарысқа Өзбекстан республикасынан, Астана қаласынан және Ақмола, Алматы, Маңғыстау, Жамбыл, Қарағанды, Абай облыстарынан келген 300-ден астам спортшы қатысты.

– Жарысқа 12-15 жас аралығындағы балалар қатысты. Жалпы алғанда, сайыс жиырма салмақ категориясы бойынша өтті, – деді Май ауданы мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Арман Жұмажан.

Сайыс қорытындысы бойынша, 12-13 жастағы жасөспірімдер арасындағы жарыста бірінші орынды Динан Равильұлы және Ерасыл Камит иеленді. Күміс медаль иегері Ихсан Отарбаев болды.

Іс-шараны Май ауданының әкімдігі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өткізді.Ұйымдастырушылардың сөзінше, алдағы уақытта мұндай жарыстарды қайта өткізу жоспарланып отыр.