Павлодарлық асықшы халықаралық жарыста күміс алды

Павлодарлық асықшы халықаралық жарыста күміс алды
Басты фото: Константин Шелков

Аталмыш додада жүзден астам спортшы өнер көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnewz.kz тілшісі.

Республикалық асық ату федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, Астана қаласындағы «Аспан» спорт кешенінде «Азия асығы» халықаралық турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің есімдері белгілі болды.

Пәкістан, Үндістан, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан құрамалары қатысқан дүбірлі додаға ерлер мен әйелдер арасында жүзге жуық асықшы қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша шымкенттік Нұржігіт Ануарбекұлы асық атудан жеңімпаз атанса, Павлодар облысының спортшысы Керім Жаздықбай күміс медальге ие болды.

Екі қола жүлдеге Қарағанды облысының намысын қорғаған Ерболат Қаржаубай мен ақмолалық Айтуар Испол иелік етті.

Фото: Ұлттық спорт бөлімі