Павлодарда мектеп-интернаттарының оқушылары тоғызқұмалақтан жарысты
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар бәйгеге түсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстың білім беру басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін №1 балабақша-мектеп-интернатының арнайы кешенінде XXXI облыстық арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернаттар спартакиадасының бағдарламасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті.
Жарысқа 6 команда, 18 қатысушы қатысты.
Турнирдің қорытындысы бойынша бірінші орынды №7 арнайы мектеп-интернаты, екінші орынды №5 арнайы мектеп интернаты, үшінші орынды №1 балабақша-мектеп-интернатының арнайы кешені иеленді.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының дипломдарымен, мадақтама қағазымен және медальдармен марапатталды.