Павлодар облысында арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдар лицензия алуда

Павлодар облысында арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдар лицензия алуда
Фото:pixabay.com/ stux

Оларға қойылатын талаптар қатаңдатылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

2008 жылы Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заң қабылданды. Алайда бұл қызмет түрі осыған дейін лицензияланбаған еді. Тексеріс кезінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйым қызметінің ережелеріне ғана сүйенуге болатын. Енді биылдан бастап бақылау қатаңдатылды. 

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді лицензиялау енгізілді. Заңнамалық актілерге өзгерістер мақұлданып, лицензия беру бойынша қағидалар бекітілді. 

– Біз ұйымға барып, құжаттардың сәйкестігін және қажетті материалдық-техникалық базаның болуын тексереміз. Оның қорытындысы бойынша лицензия алу құқығын растаймыз немесе лицензиядан бас тарту туралы шешім шығарамыз, – деді Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Алмагүл Мұхамедова.

Павлодар облысында бүгінде мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдарды қосқанда 44 ұйымдарға алты мыңнан астам қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Бүгінгі таңда үй жағдайында АӘҚ ұсынатын 22 мекеме лицензия алды. Қалған жартысы стационарлар, жартылай стационарлар және уақытша тұру орталықтары жағдайында АӘҚ көрсетеді. Тек бір нысаны ғана барлық талаптарға сай және лицензияланған. Бір мекеменің лицензиясы қаралуда және үшеуі құжаттарды ұсынды. Ұйымдарға лицензия үш жылға беріледі.

Ұйымдарға лицензия алу үшін, ең алдымен, меншікте не жалға берілетін жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеумен немесе жалдау шартымен расталатын ғимараттың немесе үй-жайдың болуы қажет. Бұл ретте ғимарат санитариялық нормаларға, өрт қауіпсіздігі ережелеріне, мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікке сәйкес келуі тиіс. 

Лицензия алу үшін штаттық нормативтерге сәйкес қызметкерлердің білікті штаты болуы қажет. Аталмыш талаптар стационар, жартылай стационар немесе уақытша болу орталықтары жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тиісті штаттық кестесімен және білім туралы құжаттарымен расталады. 

Қызмет алушылар ұйымда төрт сағаттан артық тұрған кезде де ескертулер бар. Егер бала кезінен мүгедек бала болса, онда санитарлық норма ғимаратта бір адамға кемінде төрт шаршы метр болуы керек, ал ересек адам болса, кемінде бес шаршы метр болуы қажет.