Павлодар облысында шетелдіктер үшін елге кіру шарттары жақсартылды
Уақытша болуға рұқсаты бар шетелдіктер кірген сайын тіркеуден өтпейтін болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ғомар Шабиденов мәлім етті.
– Егер бұрын уақытша болуға рұқсаты бар шетелдік рұқсаттың қолданылу кезеңінде кірген сайын тіркеу рәсімінен өтуі тиіс болса, қазір бұл норма алынып тасталады. Яғни кез келген уақытта шекарадан өте алады, бірақ қабылдаушы тарап адам елге кірген сайын хабарлама жіберуі тиіс, – деді Ғомар Шабиденов.
Оның сөзінше, визасыз кіру көзделген 58 ел үшін 30 күнтізбелік күн тіркеусіз болуы мүмкін 180 кезең ішінде жиынтық 90 күнді, ал ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер елдерінің азаматтары үшін тіркеусіз кезең әрбір кезең ішінде 180 күнтізбелік күнде 90 күнді құрайды. Алайда бұл аталған республикамен екіжақты келісімге сәйкес мұндай лимит белгіленбеген Қырғызстан азаматтарына қатысты емес.
Егер көшіп келу кезінде көшіп келушінің оған рұқсат етілген болу мерзімінен асып кетуі анықталса, онда оған «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңының 48-бабының 1-тармағы негізінде кіруден бас тартылады.