Павлодарда ауладағы көлікті тонаған адам ұсталды

Заттай дәлелдемелер тәркіленді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қала тұрғыны Шолпан Шәріпова орталық полиция бөлімінің қызметкерлері Қуаныш Қабылжапарға, Данат Смағұловқа және Райымбек Керуеновке кезекті алғысын білдірді.
– Мен кешке көлігімді аулада қалдырған едім, ал таңертең көліктің артқы терезесі сынғанын және құжаттары бар әмиян, жеке заттар мен көліктің желүрлегіші ұрланғанын анықтадым, – дейді ол.
Қала тұрғыны шарасыздықтан полицияға жүгінген, тәртіп сақшылары тез арада келіп, болған оқиғаның мән-жайын анықтай бастаған. Кейін олар бейне камераларын қарап, көлік иесіне тиесілі мүлікті ұрлаған адамның жеке басын тез анықтап, ұстаған, заттай дәлелдемелерді тәркілеген.
Шолпан Шәріпова Павлодар қаласы полиция басқармасы орталық полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлеріне, полиция капитаны Данат Смағұловқа, полиция аға лейтенанты Қуаныш Қабылжапаровқа және полиция аға лейтенанты Райымбек Керуеновке зор алғыс білдіріп, қызметтерінде табыс, мансаптық өсу және өркендеу тіледі.