Павлодар облысында ауылдарға дәрі-дәрмек сатып алу процесін жеңілдету ұсынылды
Ол үшін нақты шаралар қабылдануы тиіс, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«АМАNАТ» партиясының облыстық филиалында денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі облыстық кеңестің жұмыс отырысы өтті. Талқылауға кеңес мүшелері, денсаулық сақтау басқармасының өкілдері және облыстағы емдеу мекемелерінің бас дәрігерлері қатысты.
Кеңес мүшелері медициналық ұйымдардың экономикалық тұрақтылығын арттыру және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін олардың тарифтерін қайта қарау қажеттігін баса айтты.
– Павлодар облысының қалалары мен аудандары жағдайында өткір тапшылығы бар медициналық мамандықтардың тізбесін қайта қарау қажет. Сондай-ақ, медициналық жоғары оқу орындарында терапевтік және хирургиялық мамандықтар бойынша аттестациялау циклдарын өткізу мүмкіндігін қарастыру қажет, – деп атап өтті кеңес мүшелері.
Сондай-ақ, қала және аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып, грант бойынша білім алып жатқан ЖОО түлектерінің оқуын аяқтағаннан кейін облыс өңірлеріндегі медициналық ұйымдарға жұмысқа оралуын тұрақты бақылау қажет.
Талқыланған тақырыптардың бірі ауыл тұрғындарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту болды. Логистика, дәрі-дәрмектің қолжетімділігі және дәріханалардың жетіспеушілігі мәселелеріне баса назар аударылды. Қатысушылар денсаулық сақтау басқармасына жағдайды жан-жақты зерттеп, ауылдар мен аудан орталықтарындағы жұмыс істеп тұрған дәріханаларды халыққа дәрі-дәрмек сатып алу процесін жеңілдету бойынша нақты шаралар қабылдауды ұсынды.
Барлық ұсынылған бастамалар тиісті органдарға жіберіледі. Кеңес мүшелері осы шараларды жүзеге асыру медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ кадрға қатысты мәселелерді шешуде маңызды қадам болатынын атап өтті.