Павлодар облысында бес млн теңгеге дейін грант беріледі
Конкурсқа «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, мемлекеттік гранттарды бес млн теңгеге дейін берудің жаңа қағидаларына сәйкес, ағымдағы жылы конкурстық іріктеуге әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын міндетті талаптар:
1) мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20% мөлшерінде қоса қаржыландыру (оның ішінде бизнес-жобаға қатысатын жеке жылжымалы/жылжымайтын мүлік);
2) жаңа жұмыс орындарын құру;
3) кәсіпкердің бизнес-жобасында жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылымның болуы және/немесе құрылуы көзделген инвестициялық жоспардың болуы.
Құжаттар тізімі:
1) жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама;
2) үш жылдан аспайтын мерзімге «Бастау Бизнес» оқыту сертификаты;
3) қоса қаржыландыруды растау кемінде 20%;
4) «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалист мәртебесін растау.
Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары:
- конкурсқа қатысу мәселелері бойынша: 32-33-82;
- әлеуметтік тізілім мәселелері бойынша: 32-33-21;
- «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасы бойынша: 66-03-11.