Павлодарлық студенттер мүмкіндігі шектеулі жандар үшін супер қосымша ойлап тапты

Павлодарлық студенттер мүмкіндігі шектеулі жандар үшін супер қосымша ойлап тапты
Фото: pixabay

Олар өз жобаларын одан әрі дамытып, оны жүзеге асыру үшін инвестициялар үшін бақ сынайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Торайғыров университетінің студенттері Алматыда өткен iTeamLab инновациялық байқауының Intro Day кезеңінде ерекше жобаларын сәтті қорғап, финалға шықты. Торайғыров университетінің Computer Science факультетінің 2-курс студенттері Станислав Кириченко мен Ислам Куленов Involve Ecosystem атты жобаларын таныстырды. Жоба мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын арттыруға бағытталған және үш негізгі қосымшаны біріктіреді.

Open Ves – қолжетімді картасы. Бұл қызмет арқылы пайдаланушылар ғимараттардың мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді екенін немесе қолжетімсіз екенін көре алады. Мысалы, пандус, тактильді жазу секілді элементтер бар ма, жоқ па. Сондай-ақ әр нысанға пікір қалдыруға мүмкіндік бар.

Info – танысу сайты. Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандар өз достарын немесе өмірлік серіктерін таба алады. Сайттың басты артықшылығы – бейімделген функциялары: анкеталарды дауыс арқылы оқу, көзқараспен басқару, «лайк» немесе «дизлайк» қою мүмкіндігі.

Open U«Penyu» – әмбебап көмекші. Ол фондық режимде жұмыс істейді және дауыс не көз қимылы арқылы түрлі командаларды орындайды. Мысалы, «WhatsApp-ты аш» десе, қосымшаны автоматты түрде қосып береді. Ол 24/7 режимінде жұмыс істей береді, тек пайдаланушы өзі өшірмейінше.

Жоба бастапқыда бөлек-бөлек идеялардан туындағанымен, кейін студенттер оларды суперапп – біртұтас қосымшаға біріктіруді ұйғарды. Қазір олар фокус-топпен бірге сынақ жүргізіп, қолданушылардың пікірлерін ескеріп, жобаны жетілдіру үстінде.

– Бұл идеяға бізді мүгедектігі бар досымыз шабыттандырды. Ол осындай қосымша қажет екенін айтты. Содан бері біз тек танысу сайт емес, қолжетімді картаны және көмекші құралдарды қоса қамтитын экожүйе жасап жатырмыз, – дейді Станислав Кириченко.

Олар өз жобаларын одан әрі дамытып, оны жүзеге асыру үшін инвестициялар үшін бақ сынайды.

Айта кетейік, ITMLab жобасының мақсаты – мүгедектігі бар адамдардың өмір сапасын жақсартуға көмектесетін инновациялық шешімдер, IT-шешімдер немесе реабилитация құралдарын жасау.