Павлодар ауданында пәтер ұрлығы азайды

Павлодар ауданында пәтер ұрлығы азайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Пәтер ұрлығы 50%-ға төмендеді,  деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар ауданының полиция бөлімінде облыстық полиция ведомствосы бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыровтың төрағалығымен тоғыз айдың қорытындысы шығарылды. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кабылданған шаралар мен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде аудан аумағында ауыр дене жарақаттарын тіркеу 33%-ға немесе екі фактіге, пәтер ұрлығы 50%-ға, алаяқтық 66%-ға төмендеді.

– Кісі өлтіруге, зорлауға, өліммен аяқталған ауыр дене жарақаттарына, көлік айдап әкетуге, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстарға, қаруды заңсыз сақтауға, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық салада жасалған қылмыстарға жол берілмеді. Бірақ қылмыстың алдын алуға бағытталған жұмыстарға қарамастан, тонау, мал ұрлығы, ұялы телефон ұрлығы фактілеріне жол берілді, – деді бөлім бастығы Жанат Мұсабеков.

Подполковник қоғамдық орындарда және көшелерде жасалатын іс-әрекеттердің, сондай-ақ жасөспірімдер қылмысының алдын алуға бағытталған нақты міндеттерді қойып, іс-шараларды белгіледі. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жандандыруға шақырды. Сондай-ақ полиция жұмысының сервистік моделі бойынша да жұмыс нәтижелерін қарастырды. Оларға полиция қызметтерінің ашықтығы мен қолжетімділігін бақылау, ішкі істер органдарына халықтың сенім деңгейін арттыру, жеке құраммен жұмысты қамтамасыз ету тапсырылды.