Павлодарлық жүргізуші автотұрақта тұрған көлікке соғылды

Павлодарлық жүргізуші автотұрақта тұрған көлікке соғылды
Фото: @kolesa_pavlodara

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 қаңтарда «Kia Rio» маркалы көліктің жүргізушісі жылдамдықты сақтамай, Ак.Бектұров көшесі бойындағы тұрақта тұрған «Nissan» маркалы көлікке соғылды. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. 

«Kia Rio» маркалы көліктің жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл салынды.