Павлодар облысында әлеуметтік осал топтарға 250-ден астам улы газ датчигі орнатылды

Павлодар облысында әлеуметтік осал топтарға 250-ден астам улы газ датчигі орнатылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыс әкімдігінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның жоспарлы отырысы өтті, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жиын барысында қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дайындау, жылыту маусымы басталар алдында тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелер қаралды, сондай-ақ шомылу маусымының қорытындылары шығарылды.

Облыстық ТЖД басшылығы Рустамбек Амрин департаменттің қаралып отырған мәселелер бойынша атқарған жұмыстары туралы есеп беріп, 2024-2025 жылдарға арналған жылыту кезеңінде тұрғын үй секторында өрт профилактикасы іс-шараларының жоспары іске асырылып жатқанын атап өтті.  

Жоспар шеңберінде тұрғын үй секторында облыс аумағында азаматтардың жеке қауіпсіздігі мәдениетін арттыруға бағытталған өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілді. Жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың қаражаты есебінен халықтың әлеуметтік осал топтарына 253 улы газ датчигі орнатылды, – деді спикер.  

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қанат Қашкиров облыстың автожолдарының алдағы қысқы кезеңге дайындығы туралы хабардар етті. Қыс мезгілінде автомобиль жолдарында қауіпсіз және үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында мердігер ұйымдармен шарттар жасалды, көктайғаққа қарсы материалдар мен жанар-жағармай дайындалды, жол жиектерінде және еңістерінде шөп шабу, бұталар мен ұсақ ормандарды тамырымен жұлу жұмыстары орындалды. Автомобиль жолдарының барлық желісін қамтуды қамтамасыз ететін жылыту пункттері есепке алынды. 

Сондай-ақ, шомылу маусымының қорытындысы бойынша ақпарат тыңдалды. Су айдындарында адамдардың қаза болуына әкеп соққан негізгі себептер келтірілді, бірқатар проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары көрсетілді.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожиновтың төрағалығымен өткен отырыстың қорытындысы бойынша басқарма және ұйым басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.