Павлодар облысында киелі жерлердің виртуалды шындықтағы жолсілтеме ұсынылды
Оны Екібастұз оқушысы ойлап тапты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
М.М.Катаев атындағы оқушылар сарайында «Павлодар облысының тарихи орындары бойынша жолсілтемесі» облыстық конкурсы өтті.
Аталмыш конкурсқа Баянауыл, Ертіс, Май, Аққулы, Тереңкөл, Павлодар аудандары және Екібастұз бен Павлодар қалаларының оқушылары қатысты.
Олар Павлодар облысының киелі орындарын зерделеп, өз таңдаулары мен көзқарасына негізделіп экскурсиялық бағыттарды ұсынуға тырысты. Қазылар алқасының алдыңда жобаларды қорғау барысында таңдалған орындар туралы мазмұнды шынайы әңгімемен баяндап берді.
Байқауда өңірдің жерлері бойынша QR кодтары картасына сілтеме жасай отырып, үш тілде онлайн карта, «Біздің ежелгі өлкеміз» туристік-экскурсиялық бағыты, «Халқына қалған батырлар жолы» атты батырларға арналған ескерткіштер картасы, демалыс күндері өтетін маршруттар сияқты өте қызықты жұмыстар ұсынылды.
Павлодар облысының киелі жерлері бойынша виртуалды шындықтағы жолсілтемені Екібастұз қаласының №13 ЖОББМ оқушысы, «Қайнар» орталығының тәрбиеленушісі Александр Каминский және жетекшісі Гүлдана Таурбаева ойлап тапты.
Александр мұғаліммен бірге VR көзілдірік арқылы тарихты инновациялық зерделеді. Көзілдіріктің басты мақсаты-киелі орындары бар Павлодар облысының виртуалды картасын жасап, әр орынға арналған сипаттамалар мен панорамаларды әзірлеу. Оны бірқалыпты ойнату үшін Unity ойын қозғалтқышына интеграциялау.
– Бағдарламаның бас кезінде сізді аймақтың интерактивті картасы қарсы алады. Мұнда әр нүкте ерекше қасиетті орынды білдіреді. Орналасқан жерді басқан кезде толық сипаттама ашылады. Мысалы, бағдарлама бетінде бірегей киелі орын – Кемпіртас жартасымен танысуға мүмкіндік береді. VR көзілдіріктің көмегімен сіз Мәшһүр Жүсіп Көпеев кесенесіне кіре аласыз,–деді Александр Каминский.
Жоба жетекшісі Гүлдана Таурбаеваның сөзінше, нұсқаулық киелі жерлердің сипаттамасына оңай қол жеткізуге немесе негізгі мәзірге оралуға мүмкіндік беретін функционалды навигация түймелерімен жабдықталған.
– Виртуалды нұсқаулық бойынша аймағымыздың ежелгі құпиялары мен байлықтарын ашатын бірегей құрал ретінде көреміз, – деді ол.
Оқушылар сарайының әдіскері Николай Новодержкиннің айтуынша, байқаудың барлық қатысушылар өзіндік жұмыстар ұсынып, жолсілтемелер жасауда шығармашылық көзқарас танытты.
Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды. Жүлделі орындарға ие болмаған конкурсанттар қатысушы сертификатын алды.