Павлодар облысында су айдындарын балықтандыру көлемін ұлғайту ұсынылды
Бұл бастаманы облыстық қоғамдық кеңес мүшелері көтерді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бәкір Демеуовтің төрағалығымен өткен отырыста Ертіс жайылмасын балықтандыруды оңтайландыру және балық өсіру шаруашылықтарын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы қаралды. Кеңеске торлы, көл-тауарлық, тоғандық және кәсіптік балық өсіру шаруашылықтарының басшылары қатысты.
Облыстың Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының жануарлар әлемі бөлімінің басшысы Жасұлан Жұмашев облыстың балық шаруашылығының жай-күйі мен дамуы туралы баяндады, сондай-ақ отырысқа қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Қоғамдық кеңес мүшелері балық өсіру шаруашылықтарын субсидиялаудың барлық мүмкіндіктерін пайдалану қажет деп санайды. Олар заманауи озық технологияларды қолдана отырып, материалдық-техникалық жабдықтауға ерекше назар аударуды, сондай-ақ облыс су айдындарын балықтандыру көлемін ұлғайтуды ұсынды.
Отырыс қорытындысы бойынша облыстың Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасына, сондай-ақ қалалар мен аудандардың әкімдіктеріне тиісті ұсынымдар берілді.