Павлодарлық студенттер әскери-қолданбалы спорт түрінен сайысты

Павлодарлық студенттер әскери-қолданбалы спорт түрінен сайысты
Фото: білім басқармасынан

Жарысқа 13 команда қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық білім басқармасының мәлімдеуінше, сайыс ақпараттық технологиялар колледжі базасында алғашқы әскери дайындық ұйымдастырушысы Нұрлан Жансүгіровтің құрметіне ұйымдастырылды. 

- Облыстық жарыс колледждер арасында әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша өтті. Жарысқа 13 команда қатысты, - делінген хабарламада. 

Сайыс қорытындысы бойынша аудандар арасында 1-орынды «Ertis» ВИАК командасы иеленсе, 2-орын Ертіс АТК-ға бұйырды. Үздік үштікке Ақсу қара металлургия колледжі тұрақтады.

Ал қалалар арасында Павлодар химия-механикалық колледжі топ жарса, түсті металлургия колледжі екінші орынға тұрақтады. 3-орын Қазтұтынуодағы жоғары экономикалық колледжі иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және медальдармен, жүлдегерлер кубоктармен марапатталды.