Павлодарлық колледж желдету жүйесін екі есе қымбат бағаға алмақ болған
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің еріктілері қаражаттың негізсіз жұмсалуына жол бермеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар түсті металлургия жоғары колледжінде жалпы сомасы 13 миллион теңгеге желдету жабдығын негізсіз сатып алу айқындалды. Өтініш бойынша әр бірлік үшін 2,6 миллион теңге жұмсалу керек болатын. Алайда, интернет-ресурстардағы бағаларды талдау кезінде ұқсас жабдықтың бағасы 600-ден 1,2 млн теңгеге дейін тұратыны анықталды.
Сондай-ақ, Шарбақты ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі 18 миллион теңгеге екі автобусты сатып алуды жоспарлаған. Ал мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес құны 16,5 миллион теңгеден аспайтын бір ғана автобус сатып алу қажет болды.
– Мониторинг қорытындысы бойынша еріктілер шараларды қабылдау үшін уәкілетті органдарға өтініш жолдады. Олардың нәтижелері бойынша аталған сатып алулардың күші жойылды,– облыстық сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызметінде.
Айта кету керек, еріктілердің арқасында жалпы сомасы 33,7 миллион теңгеден асатын бюджет қаражатын негізсіз пайдалануға жол берілмеді.