Павлодарлық студенттер халықаралық олимпиадада тарихтан үздік атанды

Павлодарлық студенттер халықаралық олимпиадада тарихтан үздік атанды

Олимпиадаға Ресей мен Қазақстан университетінің командалары қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің студенттері Астана қаласында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен археологиялық-этнографиялық олимпиадаға қатысып, жүлделі үшінші орынмен оралды. Білім сайысы жалпы бес кезең бойынша өтті. 

Марғұлан университетінің атынан тарих пәні бойынша ИШ-32 тобының 3 курс студенті Искандер Сагизбаев, МТ-31 тобының 3 курс студенттері Диас Ибраев, Мейрамбек Мурсалимов, Райымбек Болатов, Мерилан Машрупов барып, университет намысын абыроймен қорғап қайтты. Олимпиадаға «Марғұлан бестігі» тобын тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Зият Әйткенов дайындаған.

– Олимпиадаға қатысу студенттердің археология және этнография саласындағы білімдері мен дағдыларын көрсетуге, сондай-ақ бірлесіп жұмыс істеу және күрделі мәселелерді шешу қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді, – дейді Зият Әйткенов.

Оның сөзінше, команда мүшелерінің әрқайсысы жақсы дайындықпен барып, өз білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді.