Павлодар облысында көкжөтел бойынша жағдай күрделі
Былтыр бұл жұқпалы ауру бойынша сырқаттанушылық тіркелмеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Батырбек Әлиев мәлім етті.
– Биыл облыста көкжөтел жұқтырудың 30 дерегі тіркелді. Ауру жұқтырғандар ішінен 28-і екпе алмаған болып шықты. 2022 жылы бірде-бір науқас болмаған, – деді Батырбек Әлиев. – Аурудың күрт көбейіп кетуі екпеден бас тартумен байланысты болып отыр. Баланы көкжөтелден тек екпе арқылы қорғауға болады.
Көкжөтелге қарсы ресейлік жасушасыз вакцинасы пайдаланылады. Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес екі айлық жастан бастап барлық балаларға көкжөтелге қарсы егіледі. Ревакцинациялау алты жаста жүргізіледі.