Павлодар облысында республикалық маңызы бар автожол суық ресайклинг әдісімен жөнделеді
Жүргізушілерден қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«ҚазАвтоЖол» ҰК « АҚ Павлодар облыстық филиалының мәліметінше, «Павлодар-Шарбақты-РФ шекарасы» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 0-6 километр учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары бастау алды.
– Жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін және белгіленген жылдамдық шектеулерін сақтауды, сондай-ақ уақытша қолайсыздықтарға байланысты түсіністік пен шыдамдылық танытуды сұраймыз, – деді филиал мамандары.
Негізгі жол жабынын суық ресайклинг әдісімен ретке келтіру, ыстық ұсақ түйіршікті асфальтбетон қоспасынан жасалған жабынның қабатын орнату ретке келтіру, жол жиектерін көтеру және нығайту, жүріс бөлігін белгілеу сияқты жұмыс түрлері орындалатын болады.