Павлодар маңындағы ауылда барлық жолдар жөнделеді
Соңғы көшені келесі жылы жөндеу жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қала басшысы Хасар Хабылбеков Мойылды ауылының тұрғындарымен кезекті есептік кездесу өткізді. Оның айтуынша, Мойылды — қала маңындағы үлгілі ауылдардың бірі.
– Облыс әкімінің қолдауымен биыл Республика күніне орай 300 орындық К. Кенжетаев атындағы жаңа мәдениет үйі ашылды. Ауыл толығымен ауызсумен және көше жарығымен қамтамасыз етілген. Жаңа тұрғын үй құрылысы ауданында электр желілерінің құрылысы аяқталды. Ауылдың абаттандыру жұмыстарына үлкен көңіл бөлінуде. 38 қоқыс контейнері алаңы жабдықталып, стритбол алаңы орнатылды. Тұрғындардың өтініші бойынша келесі жылы Жерұйық көшесінде жаңа балалар ойын алаңы салынады. Айта кету керек, ауыл ішіндегі жолдардың барлығы дерлік асфальтталған. 2025 жылы ұзындығы 600 метр болатын Парковая көшесінің жолын жөндеу жоспарланған. Осылайша, ауылдағы жөнделген жолдардың үлесі 100% болады, – деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Қала әкімі өткен кездесулерде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша 1-ші кіреберіс жолды жарықтандыру және Абай көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары жүргізілгенін де айтып өтті.
Хасар Хабылбеков ауыл әкіміне барлық мәселелерді бақылауда ұстауды тапсырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram