Павлодар облысында ШҚО тұрғыны ағаш ұрлығы үстінде қолға түсті

Павлодар облысында ШҚО тұрғыны ағаш ұрлығы үстінде қолға түсті
Фото: Павлодар облыстық ПД

Алдын ала есептеулер бойынша  шамамен  700 000 теңге шығын келтірілген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Аққулы ауданы Шақа ауылының маңындағы орман алқабында рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде  Шығыс Қазақстан облысының 43 жастағы тұрғыны ұсталған. 

– Ол «қарағай» тұқымдас ағаштарды ұрламақ болған, бірақ бұл ойын жүзеге асыра алмады. Жүкті тасымалдау барысында ұсталды, - деп хабарлады Аққулы ауданы полиция бөлімінің бастығы Тасқын Бөдиев.

Сол жерде заттай дәлелдемелер табылды және тәркіленді: 3 «КамАЗ» автомашинасы,  2 «МТЗ-82/1»  маркалы трактор және екі шынжырлы ара. 

Ұрлық фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 24-бабының 3-бөлігі, 188-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.