Павлодарда көпқабатты үйдегі өрт сөндірілді

Өрт балкон арқылы алты пәтерге жайылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 шілде күні сағат 18:28-де Естай көшесінде орналасқан 10 қабатты көппәтерлі тұрғын үйде өрт шықты.
– Өрт 7 қабаттан 10 қабатқа дейін балкондарда орын алды. Өрт үш иесіне тиесілі алты пәтерге жайылды. Өрттің жалпы ауданы 60 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер келгенге дейін тұрғындар өз бетінше эвакуацияланды. ТЖД бөлімшелерінің жедел іс-қимылдарының арқасында өрт 19:14-те оқшауланып, толығымен жойылды. Өрттің көрші пәтерлерге таралуына жол берілмеді, – делінген хабарламада.
Оқиға орнына 31 адамнан тұратын ТЖД күштері мен құралдары және 13 бірлік техника, сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығы жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.
Өрт сөндірушілер тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.