Павлодар облысында топыраққа опырылған әжетханадан әйел құтқарылды

Павлодар облысында топыраққа опырылған әжетханадан әйел құтқарылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері зардап шеккен тұрғынды жедел жәрдем мамандарына тапсырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР ТЖМ мәліметінше, «112» пультіне Атамекен кентінде сыртқы әжетхананың топыраққа опырылып түскені және ішінде әйел адамның қалып қойғаны туралы хабарлама түскен.

Шұғыл жеткен құтқарушылар конструкцияның одан әрі құлауына жол бермеу үшін оны бекітіп ұстап тұрған. Кейін құрылыстың есігін бөлшектеп, әйелді аман-есен сыртқа алып шықты.

Аман қалған тұрғын денсаулық жағдайын тексеру үшін жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.