Павлодар облысында сынап шамдарын кім залалсыздандырады
Қазақстанда қауіпті қалдықтарды арнайы лицензиясы бар ұйымдар ғана кәдеге жарата алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Экологтар климаттың өзгеруімен күресудің ең қолжетімді және тиімді әдістерінің бірі – тиімсіз жарықтандырудан кезең-кезеңімен бас тарту деп санайды. 2030 жылға қарай қолжетімді технологияларды қолдану электр энергиясына жаһандық сұранысты сол деңгейде ұстап тұруы немесе ең жақсы жағдайда қысқартуы мүмкін.
Павлодарлықтардың қыздыратын шамдарды пайдалануын біртіндеп тоқтатуы үшін балама жарықтандыру көздері қажет. Ең танымал – энергияны үнемдейтін сынапты шамдар. Олар арзан және электр қуатын аз пайдаланады. Бірақ оның да кемшін тұсы бар – мұндай шамдар қоршаған ортаға қауіпті болуы мүмкін. Энергияны үнемдейтін шамдар атмосфераға сынап қосылыстарын шығарады, олар топырақ пен жер асты суларына да енеді.
Энергияны үнемдейтін сынап шамдарын толық алмастырғыш жоқ. Бірақ жарықдиодты шамдар балама болуы мүмкін. Мұндай шамдар экологиялық таза, ал сипаттамалары бойынша энергияны үнемдейтін шамдардан кем түспейді.
Қазақстанда құрамында сынабы бар кез келген аспаптарды қауіпті қалдықтармен жұмыс істеуге қолданыстағы лицензиясы бар кәсіпорындар ғана кәдеге жаратуы және залалсыздандыруы мүмкін. «Қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық оператор» ЖШС-де осындай рұқсат бар. Компания – республика бойынша өз саласындағы жетекші компаниялардың бірі.
Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасымен жасалған шарт бойынша ЖШС өңірдегі мемлекеттік ұйымдарға құрамында сынабы бар шамдар мен аспаптарды кәдеге жарату бойынша қызмет көрсетті. Барлығы 30 мың өнім жиналды.
Компанияда сынап пен оның қосылыстары ұлттық стандартқа сәйкес жойылғанын атап өтті. Павлодарлық шамдар мен аспаптар кәсіпорын аумағында кәдеге жаратылды. Қайта өңдеуден кейін қосылыстар усыз болады.
Жарнамалық материал
Лицензия: №023372P
Лицензиар: "Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті"республикалық мемлекеттік мекемесі. Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі.
Берілген күні: 29.12.2021