Павлодарда бірнеше үй мен наубайханада су болмайды

Павлодарда бірнеше үй мен наубайханада су болмайды
Фото: Константин Шелков

Оған құбырды жөндеу жұмыстары себеп болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар Водоканал» ЖШС мәліметінше, 3 қазан күні қаладағы бірнеше тұрғын үйде су болмайды. Оның ішінде Толстой көшесі, 84, Назарбаев даңғылы, 65, 71, 81, Бекмаханов көшесі, 115, Естай көшесі, 89, Катаев көшесі, 12 мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үйлер, наубайхана мен гараждар бар. 

Назарбаев даңғылы, 65 мекенжайында қайта тартылған құбырды жөндеу жұмыстары өткізіледі.

Су сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін уақытша өшіріледі.