Павлодар облысында түйе саны артып келеді

Павлодар облысында түйе саны артып келеді
Фото: pixabay.com/Briam-Cute

Өткен жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда қос өркешті жануарлар 1,3 есе көбейген, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Облыстық статистика департаментінің мәліметінше, 2025 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша өңірде құстың барлық түрлері 1,6% көбейді, ал шошқа басы 18,3%-ға кеміді.

– Ірі қара мал, жылқы, қой мен ешкі басы санының ең жоғары үлес салмағы Баянауыл ауданында тіркелді – сәйкесінше облыстық көрсеткіштен 20%, 22,3%, 19,6% құрады. Шошқаның едәуір саны Павлодар ауданында – 63,5%, ал құс саны Павлодарда 54,4% шоғырланған, – деп жазылған хабарламада. 

Ауыл шаруашылығы малы негізінен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында шоғырландырылған: 88,6% шошқа, 84,7% түйе, 75% құстың барлық түрлері. Ірі қара мал мен жылқы басы шаруа немесе фермер қожалықтарындағы және жеке кәсіпкерлерінде тіркелген (сәйкесінше жалпы санынан 47,8% және 70,8%). Жұртшылық шаруашылықтарында жалпы санынан 50,4% құрайды.

2023 жылмен салыстырғанда еттің барлық түрлерінің тірідей салмақта өндіру –1,6%, сауылған сүт – 2,2%, алынған жұмыртқа 0,4% көбейсе, жүн өндірісі 3,4%-ға азайды.