«Таза Қазақстан»: Павлодарлықтар тұрмыстық қоқысты шығаруға өтінім қалдыра алады
Өтініш берген кезде бейнематериалдарды міндетті түрде қосу қажет, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық «109» ақпараттық-анықтамалық қызметінің мәліметінше, автокөліктің қозғалысына кедергі келтірмей, қоқысты қаптарға жинап, жол бойында сақтау ұсынылады. Бұл қайта тазалауды болдырмайды және бригадаға келесі учаскелерге жедел көшуге мүмкіндік береді.
– Павлодар қаласының заңды тұлғалары үшін талонның болуы міндетті. Оны Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен 509-кабинеттен сатып алуға болады. Жеке тұлғаларға талонның болуы талап етілмейді, – делінген хабарламада.
Абаттандыру және санитарлық тазалау айлығын өткізу кезеңінде полигон аумағында тұрмыстық қоқыстарды тегін қабылдау ұйымдастырылады.
Өтінімді «109» қызметінің «Instagram» парақшасына, telegram-ботқа, contact@pavlodar109.kz электронды поштасына жазып, «komek 109» мобильді қосымшасы немесе 109 нөміріне қоңырау шалу арқылы қалдыруға болады.