Павлодар облысында досының телефонын сұраған адам несие рәсімдеген

Павлодар облысында досының телефонын сұраған адам несие рәсімдеген
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Несие сомасы 155 мың теңгені құрады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам досынан ұялы телефон сұрап алып, оның атынан ақшалай несие рәсімдеген. 

Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы тексерілуде, – деп хабарлады департаментте.

Сондай-ақ, ауылдық дүкендердің бірінде тұрғын темекі блоктары мен азық-түлік сатып алып, сатушыға жалған чек берген. Басқа жағдайда такси қызметін пайдаланып, жалған чек  көрсетілген. 

Зардап шеккендердің айтуынша, ер адам телефонның мобильді қосымшасында чектерді көрсеткен, бірақ төлем түспеген.

Полиция алаяқтардың қолына түспеу үшін кәсіпкерлерді қырағы болуға және төлемді екі рет тексеруге шақырады.