Павлодар облысында жас балаға топтасып зорлық көрсеткендер сотталды

Павлодар облысында жас балаға топтасып зорлық көрсеткендер сотталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Істің мән-жайын заңмен жария ету мүмкін болмағандықтан, іс жабық сот отырысында қаралды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ер адамға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттерді жас балаға қатысты, күш қолданып және оны қолдану қатерін төндіріп, қылмыстық топпен зорлау, көрінеу он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас және сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау фактілері бойынша қылмыстық істі қарады (ҚК 121-б. 4-б., 121-б. 3-1-б. 1-т., 120-б. 3-1-б. 1-т., 122-б. 1-б.).

Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен, сот сараптамасының қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен дәлелденді.

Олардың жасаған қылмыстары аса ауыр қылмыстар санатына жатады және тек бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

– Сот жазаны жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, біреуіне 22 жылға, ал екіншісіне 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, – деді Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты. 

Сотталғандардың екеуі де өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдармен айналасу құқығынан өмір бойына айырылды. Жәбірленушілер өкілінің моральдік шығынды өндіру туралы талап қоюы толығымен қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.