Қазақстанда әскерилерді тамақтандыруға конкурс жарияланады

Қазақстанда әскерилерді тамақтандыруға конкурс жарияланады
ЖИ иллюстрациясы

Қорғаныс министрлігі алдағы екі жылға арналған мемлекеттік сатып алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 2027–2028 жылдары Қазақстан Қарулы күштерінің жеке құрамын тамақтандыру қызметтерін ұйымдастыру бойынша конкурс өткізу жоспарланған.

Мемлекеттік сатып алу қолданыстағы заңнамаға сәйкес конкурс тәсілімен жүзеге асырылады. Оны Қорғаныс министрлігінің Мемлекеттік сатып алу орталығы ұйымдастырады.

Конкурсқа қатысты толық ақпарат мемлекеттік сатып алу веб-порталында жарияланады..