Павлодар облысында желтоқсан айы қандай болмақ?
Қыстың алғашқы айына арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, айдың орташа температурасы -8,6...-12,4°С болады. Бұл-нормадан 1...-2° С-қа жоғары.
Желтоқсанның бірінші онкүндігінде түнде -21...-26°С –тан -5...-10°С дейін болады, ал күндіз ауа температурасы -15...-20°С-тан 0...-5°С-қа дейін жоғарылайды деп күтілуде.
Айдың ортасында сынап бағанасы түнде -15...-20°С-ты көрсетсе, ал күндіз -5...-10°С-ты көрсететін болады.
Желтоқсанның үшінші онкүндігінде ауа температурасының түнде -10...-15°С-тан -20...-25°С-қа дейін, ал күндіз-5...-10°С-тан-10...-15°С-қа дейін төмендейді деп болжануда.
Жауын-шашын мөлшері нормаға жуық түседі. Қар, боран, қатты жел жиі соғады. Көктайғақ айдың басында және ортасында болады деп күтілуде.