25 қыркүйекте Павлодар облысында өткінші жаңбыр жауады
Желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +6...+11°C болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр жауады. Батыс және солтүстік өңірлерде тұман түседі.
Күндіз ауа температурасы +14...+19°C-қа дейін көтеріледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр жауады.
Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +8...+10°C болады. Ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз +15...+17°C, құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады.