Павлодар облысындағы республикалық тас жолдарда қозғалыс қайта жанданды

Павлодар облысындағы республикалық тас жолдарда қозғалыс қайта жанданды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ауа райының оңала бастауына байланысты Павлодар өңірінен РФ шекарасына бағытталған негізгі күре жолдардағы шектеулер алынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 қаңтар сағат 20:00-ден бастап өңірдегі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылды.

Атап айтқанда, «Атамекен – Ертіс – РФ шекарасы» автожолының 0-263 шақырым аралығында көліктердің еркін жүруіне рұқсат берілді. Сондай-ақ «Астана - Шідерті - Павлодар - Успенка - РФ шекарасы» автожолының Павлодар қаласынан РФ шекарасына дейінгі 0-152 шақырым бөлігі де толықтай іске қосылды.

Жолдағы жағдай туралы қосымша ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығына хабарласып білуге болады. Мамандар жүргізушілерді жолға шығар алдында сақтық шараларын сақтап, қауіпсіздік ережелерін ұмытпауға шақырады.