Павлодарлық өлкетанушының көрмесі өтеді

Көрме бір ай бойы жұмыс icтейдi, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Д. П. Багаев музей-үйiнде 19 ақпан сағат 15:00-де Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Жұмағали Сейтеновтің «Связанные одной нитью» атты мерейтойлық жеке фотокөрмесі ашылады.
Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, журналист, өлкетанушы, фотограф Ж.М. Сейтенов 1978 жылы БМКИ тәмамдағаннан кейін «Қазақфильм» киностудиясында анимациялық және слайдтық фильмдер бірлестігін басқарды.
Жұмағали Мизамұлы – үш жеке және 30 облыстық көрменің авторы. Көрмеде оның 50-ге жуық жұмысы ұсынылады.