Павлодар үйлерде қашан ыстық су болады?
Қала әкімі желілердің гидравликалық сынақтарынан қалай өткенін тексерді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қала әкімі Хасар Хабылбеков Instagram парақшасында гидравликалық сынақтардан кейін қалада блокішілік және магистральдік желілерді жөндеу жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады.
– Бүгінде 1300 көпқабатты үйдің 790-ында ыстық су бар. Қалған 510-ды 10 қыркүйекке дейін қосамыз. Бұл мәселені жеке бақылауымда ұстаймын, – деп сендірді әкім.
Ол гидравликалық сынақтар алдағы жылыту маусымының қауіпсіз өтуі үшін қажетті шара екенін еске салды.