Павлодар облысында қала мен ауыл арасындағы теңсіздікті азайту мақсатында «Зияткерлік ауыл мектебі» жобасы әзірленеді
Бұдан бөлек, алдағы 2-3 жылда Мичурино ауылының "Балдәурен" оқу-сауықтыру орталығын қайта жаңарту көзделуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы білім басқармасының мәлімдеуінше, бүгін ақпараттық технологиялар колледжінің базасында Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрманованың қатысуымен білім басқармасы алқасының кеңейтілген отырысы өтті.
Жиында білім беру ұйымдарының басшылары ағымдағы оқу жылына арналған негізгі міндеттерді талқылау үшін жиналды.
Білім беру жүйесінің жай-күйі туралы білім басқармасының басшысы Самал Айтқазина баяндады. Облыстың бас педагогының айтуынша, өткен жылы балабақшаларда тегін тамақтану 6 мың балаға ұйымдастырылды, балабақшаларды жаңғырту жобасы іске қосылды, оның ішінде Екібастұз қаласында 260 орындық балабақша ашылды.
- 2020 жылдан бастап 69 шағын жинақталған мектеп жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшті. 2023 жылдың 1 қыркүйегіне қарай 5 ауылдық шағын жинақты мектепті жан басына шаққандағы қаржыландыруға ауыстыру жоспарлануда. Облыста балаларды қосымша біліммен қамтуды арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Павлодар облысы бойынша қосымша біліммен 95 мың бала қамтылды. Алдағы 2-3 жылда Мичурино ауылының "Балдәурен" оқу-сауықтыру орталығын қайта жаңарту және 2025 жылы Баянауыл кентінде облыстық сауықтыру орталығының салуы жоспарлануда, – деді Самал Оспанқызы.
Павлодар облысы Білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету комитетінің департамент басшысы Ләззат Жақиянова педагогтар арасында Ұлттық біліктілік тестілеуінен өткендер саны артқан.
Кездесуді қорытындылай келе, әкімнің орынбасары ағымдағы жылға арналған жұмыс бағытын және ерекше назар аударуға тұрарлық негізгі сәттерді анықтады.
- Барлық балалар тұрғылықты жері мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан сапалы білімге қол жеткізуі тиіс. Сондықтан білім басқармасына мамандандырылған мектептердің ауыл балаларына қала мен ауыл арасындағы теңсіздікті еңсеру, сондай-ақ зияткерлік конкурстарға дайындық бойынша практикалық көмек көрсету керек, - деді Айзада Құрманова.
Жиын соңында Айзада Құрманова "Зияткерлік ауыл мектебі" арнайы жобасын әзірлеуді тапсырды.