Павлодардағы ең көне мектептердің бірі болашақ ядрошылар мен опера әншілерін шығарады

Павлодардағы ең көне мектептердің бірі болашақ ядрошылар мен опера әншілерін шығарады
Фото Константина Шелкова

№11 мектеп түлектерінің арасында опера дивасы Мария Мудряк бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Модульдік үлгідегі №11 жалпы орта білім беретін мектептің директоры Орынгүл Бекжанованың айтуынша, оқу орны Павлодардағы үздік он мектептің қатарына кіреді, соңғы үш жылда оқушылар қалалық, облыстық және республикалық олимпиадаларда жүлделі орын алып жүр.

Мектеп 1938 жылы ашылды. Оқу орнында биыл 1 300-ге жуық оқушы білім алуда. Өткен оқу жылында мектептің барлық түлектері жоғары оқу орындарына түсті, олардың 24-і грант алды. 

- Біздің түлектер елімізде де, шетелде де жоғары білім алуда, - дейді Орынгүл Бекжанова. – Мысалы, биыл біздің түлектеріміздің бірі Чехияда ядролық инженер мамандығы бойынша грант алды. Сондай-ақ, біздің балалар Ресей, Түркия, Польша жоғары оқу орындарына түсті. 

Мектеп түлектері спорттан да оқу орынның намысын абыроймен қорғауда. Бапкер Асхат Еріскенов бастаған жергілікті футбол командасы үш жыл қатарынан қалалық біріншіліктерде жеңіске жетті. Азиз Изимбаев жаттықтыратын баскетболшылар да жақсы нәтижелерге ие.

Осы оқу жылында мектеп табалдырығын аттаған балалардан төрт сынып жасақталды. Балаларға бастауыш білім беруді тәжірибелі мұғалімдер үйретеді. Мысалы, 1 «Г» сыныбында кешегі балабақша түлектеріне Гүлмира Құнантаевтың әліппені үйретуде. Педагог-сарапшының 12 жылдық тәжірибесі бар, оның ұраны «Жанмен оқыту, сүйіспеншілікпен тәрбиелеу».

Ата-аналар өз мұғалімдеріне дән риза. Солардың бірі жеті жасар Дана Ғалымбектің анасы Әлия Ерғалиқызы ең алдымен ұстаздың адами қасиеттерін атады.

- Біздің мұғалім Гүлмира Бейсенқызы әрқашан балаларын жылы шыраймен қарсы алады, әркімге білімді жеткізуге тырысады, өте жанашыр. Біздің қызымыз күн сайын таңертең мектепке кешікпеу үшін асығады – ол мұғаліміне адалдығын танытқысы келеді, - дейді оқушының анасы.

Мектеп сонымен қатар көптеген шығармашылық үйірмелер жұмыс істейтіндігімен ерекшеленеді: театр үйірмесі, «Автограф» поэтикалық жобасы, «Живая библиотека» – жазушылармен және қаланың атақты адамдарымен кездесулер жобасы. Ай сайын «Школьный экспресс» газеті шығарылады. Редакторы Ольга Брюховец оқу орнының өміріндегі барлық маңызды оқиғаларды қамтуға тырысады. 

Мұғалімдер мен оқушылар әлеуметтік волонтерлікке белсенді қатысады, мұқтаж жандарға көмектеседі. Мектеп Валентина Шатун, Ольга Матвеева сынды ардагерлерін және №11 мектептің дамуына және жалпы өңірдің білім беру саласына зор үлес қосқан басқа да педагогтарды ұмытпай, үнемі құрмет көрсетуге тырысады.