Павлодарда қарсы жолаққа шыққан жүргізуші жазаланды
Ол алты айға көлік басқару құқығынан айырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары Қамзин көшесінде қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен BMW маркалы автокөлікті тоқтатқан. Көлік иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен ол алты айға жүргізуші куәлігінен айырылды.
Жыл басынан бері өңірде полиция қызметкерлері қарсы жолаққа шығудың 540 дерегін анықтап, жолын кескен.
Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға, әсіресе оқу орындары, жаяу жүргіншілер өткелі мен аялдамалардың маңында барынша мұқият болуға шақырады.