Павлодарда қауіпті өнеркәсіптік қалдық сатқан кәсіпорын қомақты айыппұл төледі
Табиғат қорғау прокуратурасы экологиялық нормалардың бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысының прокуратурасы «KSP Steel» ЖШС-нің тиісті рұқсаты жоқ заңды тұлғаға 8,5 мың тонна қауіпті өнеркәсіптік қалдықтарды беру фактілерін анықтады. Бұл әрекет экологиялық заңнаманың талаптарына қайшы келеді.
– Қадағалау актісі бойынша салық органдары хабарлама жіберді. Нәтижесінде «KSP Steel» ЖШС-ден қоршаған ортаға эмиссиялар үшін 106 миллион теңге мөлшерінде төлем өндірілді, – деді облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінде.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.