Баянауылда алғашқы сенбілікте жүз тоннадан астам қоқыс шығарылды
Аудан бойынша сенбілікке 500-ге жуық адам шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Баянауыл аудандық әкімдігінің мәлімдеуінше, кеше ауданда жаппай сенбілік өткен.
Аудан орталығынан 40-қа жуық мекеме, 150 адам және ауылдар да тазалыққа белсенді қатысты. Баянауыл ауылынан шамамен 25 тонна көлемінде қоқыс жиналып, арнайы қоқыс төгетін орынға шығарылды.
Ал, аудан бойынша тазалық жұмыстарына 500-ге жуық адам, 10 техника жұмылдырылып, 110.5 тонна қоқыс шығарылды.
Алдағы уақытта да сенбілік жұмыстары жалғасын табады.
Фото: Банауыл аудандық әкімдігі