Павлодарда қоқыс төккендер «қылмыс үстінде» ұсталды

Павлодарда қоқыс төккендер «қылмыс үстінде» ұсталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Енді олар іс-әрекеттеріне заң аясында жауап беретін болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласында кездейсоқ қоқыстардың пайда болуының алдын алу және жою бойынша  ауқымды жұмыстар жүргізілуде. «Заң мен Тәртіп» идеологемасын және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық тұжырымдамасын іске асыру аясында прокурорлар уәкілетті органдармен бірлесіп Павлодар қаласының қоқысты жер телімдерін тексерді.

Облыс орталығы – Шығыс, Солтүстік өнеркәсіптік аймақтарында, сондай-ақ Байдалы ауылы маңында тұрмыстық қоқыстың кездейсоқ жиналуы анықталып, оларға қатты тұрмыстық қалдықтарды рұқсатсыз лақтыру фактілері тіркелді.

– Суворов зиратының жанындағы Шығыс өнеркәсіптік аймақта жүк көліктерінде тұрмыстық және құрылыс қоқысын түсіру кезінде үш құқық бұзушы «қылмыс үстінде» ұсталды. Кінәлі адамдарға қатысты арнайы белгіленген орындардан тыс қалдықтарды жинақтау үшін ӘҚБтК-нің 344-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік материалдар жинақталып, экология департаментіне жолданды, – делінген хабарламада.

Құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында ластағыштармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тұрғындар түскен қоқыстарды жинауға, сондай-ақ кездейсоқ қоқыстарды жоюға қатысуға өз еркімен келісім білдірді.

Болашақта да құқық бұзушылар анықталған жағдайда оларға да бұзушылықтарды жоюға қатысу механизмі қолданылады.