Павлодарлық дәрігерлер жол апатына түскен жасөспірімдердің жағдайын айтты

Олар қажетті ем алуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
17 мамырда сағат 17:15 шамасында Байдала ауылының маңындағы тас жолда жол-көлік оқиғасы орын алды. Автокөліктердің соқтығысуы нәтижесінде Павлодар облыстық балалар ауруханасына кәмелетке толмаған бес бала жеткізілді. Апат кезінде барлық балалар көлік салонында болды. Зардап шеккендердің барлығын жедел медициналық жәрдем қызметкерлері сағат 18:20-да ауруханаға жеткізді. Оларды кезекші травматолог тексеріп, қажетті емге жіберді.
Облыстық балалар ауруханасы баспасөз қызметінің мәліметінше, балалардың арасында ең үлкені сегіз жаста. Ол сол жақ құлағынан жарақат алды. Ал, 2014 жылы туған ер бала сол жақ иық буынының, үш және төрт жастағы қыздар бас терісінің жұмсақ тіндерінің көгеруімен амбулаторлық бақылауда.
2024 жылы туған қыз жабық бастың жарақаты, мидың шайқалуы деген диагноздармен травматология бөліміне жатқызылды.
Еске сала кетейік, Павлодар – Семей тас жолындағы жол-көлік оқиғасында бес бала зардап шекті. Полиция тергеу ашты.