Павлодарда 16 желтоқсанда сервистік орталықтар жарық ақысын қабылдамайды

Павлодарда 16 желтоқсанда сервистік орталықтар жарық ақысын қабылдамайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл күн демалыс деп жарияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, Тәуелсіздік күніне орай сервистік орталықтар мен төлем қабылдау пункттері жұмыс істемейді.

Энергетикалық компания бұл күні мобильді қосымшаларды пайдалануды ұсынады: «Kaspi Bank» АҚ (Kaspi.kz), «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (Halyk). Сондай-ақ, төлемді «Astana Plat» ЖШС (Kassa.24) төлем терминалы арқылы жасауға болады.

Жеке кәсіпкерлер компания қызметтеріне ақы төлеу үшін «Kaspi Bank» АҚ (Kaspi.kz) мобильді қосымшасын немесе Kaspi Pay мобильді қосымшасы арқылы реквизиттер бойынша төлем жасау мүмкіндігі бар.