Павлодар жол қызметтері ауа райына байланысты шұғыл ескерту жариялады.
Өңірдегі республикалық маңызы бар автожолдардың жекелеген учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылуы мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалы мен «ҚАЖсервис» ЖШС мәліметінше, 21-23 ақпан аралығында өңірде қар жауып, боран соғады. Сонымен қатар ауа температурасының төмендеуі және жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін екпінді жел күтілуде.
Жол қызметтері қала тұрғындары мен қонақтарынан жол жүру ережелерін қатаң сақтауды және тасжолдарда барынша сақ болуды сұрайды.